Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында өмірден өтті.
Хабарламада Хорхе Мессидің кеше кешке Аргентинаның Росарио қаласындағы ауруханада көз жұмғаны айтылады. Ол қатерлі ісікпен ауырған. Мессидің әкесінің денсаулығы сыр бергені туралы ақпарат футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан кезде де тараған еді.
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Алжирге қарсы алғашқы ойында Лионель Месси хет-трик жасап, матчтан кейін көз жасына ерік берген. Кейін футболшы мұның спорттағы нәтижеге қатысы жоғын айтып, сол күндері ауыр кезеңді бастан өткеріп жүргенін жеткізген.
«Мұның спортқа ешқандай қатысы болған жоқ. Мен ауыр әрі қиын күндерді бастан өткеріп жүрдім», – деген еді Месси.
Турнир кезінде әлеуметтік желілерде Хорхе Мессидің қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат та тараған.
Хорхе Месси ұзақ жылдар бойы ұлының менеджері әрі кеңесшісі қызметін атқарды. Кезінде Лионельдің қасында болу үшін Аргентинадан Барселонаға көшіп барған. Кейін футболшының «Барселонадан» Парижге, одан әрі Майамиге ауысуына қатысты келіссөздер мен ұйымдастыру жұмыстарына араласты.
Әзірге Мессидің отбасы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Дереккөз – BILD Russian.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!