HALYQLINE.KZ Бүгін «Іңкәр» ЖШС көтерме фирмасынан Қызылорда облысының фармацевтикалық ұйымдары үшін жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын дәрілік заттар келіп түсті. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған дәрілік заттар барлық фармацевтикалық желіге таратылады. «Іңкәр» ЖШС Комитеттен халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін бір реттік әкелуге рұқсат алды.
Осылайша қақырық, ыстық түсіретін, вирусқа қарсы және антибактериалды препараттар, ересектерге арналған «Парацетамол» таблеткалары түсті.
syrboyi.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!