Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және инновациялық дамуының жаңа бағытын айқындады. Осыған орай өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сабит Ибадулла мәлімдеді.
-Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қызылорда облысында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінде өңірдегі мемлекеттік қызметшілер Astana Hub пен «AMANAT» партиясының қолдауымен әзірленген арнайы платформа арқылы жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша толық оқытудан өтті. Қорқыт ата атындағы университет жанындағы Жасанды интеллект институтында 240 студент білім алуда, ал биыл алғаш рет тәулік бойы жұмыс істейтін Tomorrow School мектебі ашылып, дарынды жастарды даярлау басталды. Инновациялық жобаларды дамыту мақсатында Kyzylorda Hub орталығы арқылы соңғы үш жылда 48 стартап іске асырылып, 20 жаңа жұмыс орны құрылды. Денсаулық сақтау саласында 21 медициналық ұйымда онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын жасанды интеллект технологиялары енгізілсе, қоғамдық қауіпсіздік бағытында барлық аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласында цифрлық жүйелер жаңғыртылып, бейнебақылау камералары AI платформасына біріктірілді. Сонымен қатар, елімізде алғаш рет өңірде SUNQAR құрылғылары арқылы қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану деректерін автоматты түрде анықтау жүйесі іске қосылды. Білім беру саласында Президент тапсырмасына сәйкес бірыңғай AI-экожүйесі енгізілуде, ал Бас прокуратураның «Цифрлық қадағалау» пилоттық жобасы республика бойынша алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысында жүзеге асырылуда, — деді Сабит Ибадуллаұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!