Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда көшелеріне жылдамдық өлшейтін құрылғылар орнатылды (Видео)

04.06.2020, 12:35 2148

HALYQLINE.KZ «Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату» жобасы бойынша Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына жалпы саны 13 (он үш) дана (комплекс) «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды:

1. Астана даңғылы (Амангелді көшесі қиылысының тұсы)

2. Жаппасбай батыр көшесі (Белкөл тұсы)

3. Жаппасбай батыр (С.Бейбарыс көшесі тұсы)

4. Н.Назарбаев даңғылы (ОМО тұсы)

5. Н.Назарбаев даңғылы (Заводская тұсы)

6. Н.Назарбаев даңғылы (Күзет агенттігі тұсы)

7. А.Байтұрсынов көшесі (Жилстрой Сбер Банк тұсы)

8. Қорқыт ата көшесі (Светлый канал тұсы)

9. Журба көшесі (Технодом сауда үйінің тұсы)

10. Тәуелсіздік даңғылы (Ғ.Мұратбаев көпір асты)

11. Тәуелсіздік даңғылы (Арай №2 үй тұсына)

12. Қожа Ахмет Яссауи көшесі (Ғ.Мүсірепов көшесі тұсы)

13. Бейбарыс көшесі (№9 көп қабатты үй жанына).

Аталған камералар екі бағытта жылдамдықты түсіретін болады. Сонымен қатар, нөмірлік белгілерді (төмен жарық жағдайында да шағылыстыратын, сондай-ақ шағылыстырмайтын МТНБ-ны оқи отырып), машиналардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді.

ЖҚЕ бұзушылықтары туралы ақпарат, сондай-ақ нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл туралы ұйғарымдарды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕАҚ) енгізіледі.

Аталған құрылғылармен қазіргі таңдатесттік режимде жылдамдық асырған 13500 мың құқықбұзушылық анықталды.

«Құрылғыларды алдын ала қосу ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін жоспарланып отыр. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін бұзбауды және белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтауды сұраймыз» деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз