Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газеті

08.09.2020, 10:31

Сыр өңірі ақпарат айдынындағы жекеменшік басылым алғашқыларының бірі – республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газеті. 20 жылдан бері апта сайын бұқараның қолында оқылатын басылымның айтары бөлек, жазары ерекше, салмағы басым. Онысын басылымның мұқабасында көрсетілген бейненің өзі айқындап тұр. Шыны керек, дәл осы логотип пен «Халық» газетінің ұранына (слоган) айналған «Халық – Құдайдың бір аты» деген сөзге шүйліккендер қатары аз болмады. Оған себеп, елдің жоғын түгендеп, мұңын шағатын, шындықтың тұмылдырығын шешіп айтатын, бет-жүзіне қарамай, бағытты нақ көрсететін бірден-бір газет болған соң бастапқыда көпшіліктің де үрейлене қарауы еді. Алайда, әу баста өз бағытын айқындап, жоспарын жүйеге салып қойған басылым жанашырлары үшін бағдарды өзгерту туралы ой қалыптасқан жоқ.

Айтары бөлек, салмағы басым басылым