Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы кім?

21.02.2021, 12:00 1370

HALYQLINE.KZ  Қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы – Жақыпбек Малдыбаев туралы не білеміз? Жақыпбек 1907 жылғы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданының Шеңгелді ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

1933 жылы ұшқыштарды даярлайтын мектепке қабылданады. Оқу орнында ерекше көзге түсіп, «әскери ұшқыш-бақылаушы» атағы беріледі. Білімін одан әрі жетілдіріп, тәжірибесі толыса түседі. Кеңес әуе күштерінің құрамында болған батыр жігіт кескілескен ұрыстарға белсене қатысады. Ол аспандағы айқастарға сан мәрте еніп, сан мәрте жаудың күл-талқанын шығарды. Жақыпбек қатысқан соғыс бірнеше жылға созылды. Оқ пен оттың арасында жүрген Жақыпбек ерекше ерліктің үлгісін көрсетті. 1938 жылы 31 жасында Испания көгінен соғыстан аман-сау келе жатып, Ташкент жерінде ұшақ апатынан көз жұмды.

Нұрсұлтан Серікбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: