Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ күн райын қалай болжаған? (4-бөлім)

14.02.2021, 11:00 705

HALYQLINE.KZ

16. ҚЫРБАСТЫҢ ҚЫЗЫЛЫ

Желтоқсанның басында болатын алғашқы аяз. Қазақстанның солтүстігінде қыс ерте түседі. Бұл кездерде қатты аязды суықтар болады.

17. ТЕКЕНІҢ БҰРҚАҒЫ

Желтоқсанның соңғы онкүндігінде Қазақ даласында қатты боран соғады. Дəл осы кезле киік текесі маталады, яғни киік күйегі басталады. Бұл 2-3 күн ішінде толық аяқталады. Мамыр айының аяғында киіктердің лақтауы 2-3 күннен əріге созылмауы да осыдан.

18. КҮННІҢ ТАСУЫ

Халықтың айтуында «күн бой көтерді» дейтін уақыт қаңтардың алғашқы күніне сəйкес келеді. Бұл кезде де күн райы өзгереді, қар жауады немесе сырғыма жүреді.

19. ҚЫС ШІЛДЕСІ

Қаңтардың соңғы күндерінде қыс күшіне енеді. «Тіпу» десе, түкірік жерге түспейтін сақылдаған сары аяз болады. Мұны Қазақтар «қыс шілдесі» деп атаған.

20. БӨРІСЫРҒАҚ

Ақпан айының қысы да ақырып келеді. Ат құлағы көрінбейтін борандар осы айда күш алады. Ай аяғындағы сырғақ пен қатты боранды күндердерінде қасқырлардың ұйығуы басталады. Сырғақ деп бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктерін айтады. Көне көз қариялар бұл амалдың атауы осы бөріге байланысты екенін айтады.

Танымдық материалдың 1, 2 және 3-бөлімін төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар.

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: