Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қамшы тастау дегеніміз не?

05.10.2021, 14:00 1789

HALYQLINE.KZ Қамшы тастау – бір даулы мәселеде билердің төрелігіне жығылуға келген талапкердің немесе жауапкердің сөзін ұстаушы бидің төбе биден тілдік емес (бейвербалды) жолмен сөз кезегін сұрауы. Ортаға қамшысын тастаған адамға өз кезегінде сөз беріп, айтар уәжін тыңдайды.

Билер отырысындағы қамшы тастап «сөз сұрау» жосынын жазушы І.Есенберлин «Көшпенділер» атты романында этнографиялық дәлдікпен сипаттаған: Сөз астарын түсінетін қызба мінезділеу Темір би сөз таластырғысы келіп кетіп, ежелгі дәстүр бойынша айыр түсті, алтын сыммен оралған тобылғы сапты қамшысын алдына тастай салды.

(Есенберлин І. Көшпенділер. 169-б.).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: