Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Президент ақшаның жартысын ұрлап алады…»

14.01.2021, 16:00 612

HALYQLINE.KZ 6 жастағы фин қызы Хельга Хилтунен Рождество алдында Құдайға хат жазып 100 марка (фин ақшасы) сыйлауды өтініпті.

Финляндия заңы бойынша мекенжайы дұрыс көрсетілмеген хатты тек қана президент ашып оқуға құқылы екен..

Сонымен, «Құдай мырзаға» жазылған хатты Финляндияны 1958-1982 жылдары билеген президент Урхо Калева Кекконен оқып, бүлдіршін қыздың өтінішін орындауға шешім қабылдайды.

Бірақ, кішкентай қызға 100 марка көптік етер деп президенттің қызметтік көлігімен «Құдайдың атынан» деп айтуды бұйырып, қыздың үйіне 50 марка беріп жібереді.

Біраз күннен кейін президент канцеляриясына Құдайға жазылған тағы бір хат кеп түседі.

Президент хатты ашып оқыса, тағы баяғы бүлдіршін қыз…

«Келесі жолы ақшаны президент арқылы беріп жібермеңіз. Ол жартысын ұрлап алыпты…».

«Үйдің жанына тоқтаған президенттің машинасын көршілердің бәрі көрді» деп көршілерін куәлікке тартып, президенттің үстінен Құдайға шағымданыпты…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: