Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сарбаздармен төбелескен жігіт екі айға қамалды (Видео)

29.01.2021, 11:00 486

HALYQLINE.KZ  Ресей билігі заңсыз деген митингіде сарбаздармен төбелескен 21 жастағы шешен жігіті Сайд-Мухаммед Джумаев екі айға қамалды, – деп хабарлайды mash Telegram-каналы.

«Наразылық акцияларында полициямен төбелескен Сайд-Мухаммад Джумаев екі айға қамауға алынды. Бұған дейін ол Псков облысында ұсталып, Мәскеуге жеткізілді. Ол қызметкерлерге шабуыл жасағанын мойындады. Джумаев жасақтың екі сарбазын ұрды деп айыпталды, сот оны Қылмыстық кодекстің 318-бабы «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» бойынша қамауға алды», – делінген хабарламада.

Джумаев 23 қаңтарда Мәскеуде сарбаздармен төбелескен. Оның тәртіп сақшыларына соққы жасағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан құқық қорғау органдарының өкілдері онырезеңке таяқпен ұрып құлатқанда митингіге келгендер соққыдан қорғап, көмектескенін көруге болады.

Кейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кеңесшісі Джумаевты оппозициялық көзқарастан бас тартуға шақырды және сонда Қадыров оған заңға қатысты мәселелерді шешуге көмектесемін деп уәде берді.

Сондай-ақ, Сайд Джумаевты Рамзан Қадыровтың адамдары іздеп жатқаны хабарланған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз