Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция департаментіне 6 мыңнан астам қоңырау шалынған (Видео)

12.03.2021, 10:15 370

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 2 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» арнасына 6175 қоңырау келіп түсті. Полиция құзыретіне жататын 6105 хабарламаға қызмет көрсетілді.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 15 қылмыс ашылды. Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді адамдарды жедел тексереді.

2021 жылдың 6 наурызында кезекшілікке түскен Жедел басқару орталығының бейнебақылаушы инспекторы полиция майоры Айнұр Усманова таңғы сағат 05:30 шамасында облыс орталығында түнгі клуб алдында орнатылған бейнекамерамен шолу барысында азаматтардың жанжалдасып, төбелесіп жатқандығын байқап, дереу патрульдік полиция нарядын жібереді.

Сол жерден бір азамат дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Оқиға орында күдікті ұсталды. Кейін бұзақының 24 жастағы қала тұрғыны екені анықталып, қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 2426 әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде 1836 жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз