Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пиксельдік графикадағы пейзаждар (Фото)

21.03.2021, 18:00 229 0

HALYQLINE.KZ Сауд Арабиясының жас суретші-фрилансері Халед Макшуштың пиксельдік графика өнеріндегі туындылары көпшіліктің назарын аударуда. Өз еліндегі осы өнердің дамуына алғашқы сүрлеуді салған оның картиналары бүгінде әлемнің көп еліне танымал бола бастады.

Халед пиксельдік графикамен 2016 жылы айналыса бастапты. Алғашқыда ол үшін бұл өнер жай хобби болатын және ол келешекте бұл жұмыстарына әлем тұрғындары назар аударады деп ойламаса керек.

«Бірінші кездері мен әлеуметтік желіге салған картиналарыма бірнеше лайк басылғанына мәз болатын едім», – дейді суретші. Ал бүгінде ол қарапайым тұрғындардан бөлек, аты шыққан суретшілердің де мақтауына ілігіп жүрген танымал тұлғаға айналып үлгерген.

Пиксельдік графика дегеніміз – цифрлық виртуалды әлемдегі көріністерді шынайы картина бетіне түсіру. Интернеттен қарағанда қарапайым, кейде қарабайыр көрініс болып көрінген дүниелер Халед Макшуштың туындыларында қараса көз тоймайтын мүлдем өзгеше реңкке боялып шыға келеді.

Оның қазіргі салып жүрген суреттері – негізінен бұрынғы жылдары 8-биттік және 16-биттік видеоойындарда болған Эр-Рияд қаласының көріністері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: