Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байтұрсынов формуласы

16.07.2020, 12:35 652

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі…»
А.Байтұрсынов

Күш-жігер бар әр беті, әрібінде,
Басылым аз жұртымен жаны бірге.
Дәл осынау Ахаңның формуласын,
Бұзбай келе жатырсың әлі күнге.
Айта алмаған айтқанға тамсанады,
Болдың әркез халқыңның жан самалы.
Қанша қайнар бұлақтың көзін ашып,
Ұлы өзенге айналдың сан салалы.
Боямасыз тірлікті боямадың,
Дабылыңнан білем көп оянарын.
Бұқара үшін шешілген игі істерде,
Үлесі бар "Халықтың" дей аламын.
Қолдап тұрған ел-халық орманың бар,
Жиырма жыл биікте самғадыңдар.
Бала бидей саңқ етіп шығып едің,
Төбе бидей бұл күнде салмағың бар.
Мектеп болып жалын қыз, хас ұлдарға,
Шырқата бер ең биік асуларға.
Тілегім сол - парақтап отырсыншы,
Келер ұрпақ алдағы ғасырларда.

Ұлықбек ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,

ақын, «Халық» газетінің түлегі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: