Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Титаникті көруге кеткендер қайда?

21.06.2023, 16:00 342

HALYQLINE.KZ

Жер бетінде «Титаниктің» тарихын білмейтіндер жоқ шығар, сірә? Дегенмен, біліп қана қоймай, көзбен көргісі келетіндер де бар екен. «Титаникті» көру үшін мұхитқа сүңгіген миллиардерлер із-түссіз жоқ.

Бортында 5 адам (Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Пәкістан азаматтары) бар шағын «Титан» (Titan Sub) қайығы Солтүстік Атлантикадағы суға батқан «Титаник» кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке сүңгіп кеткен.

Titan Sub – Oceangate компаниясына тиесілі шағын суасты аппараты. Салмағы – 10 тонна, ұзындығы – 6,7 метр. Сыйымдылығы бес адаммен шектелетін аппарат 96 сағатқа тереңдікке бойлай алады.

Қазір Американың қарулы күштері Канада мен Франциядан келген әріптестерінің қолдауымен құтқару операциясына қатысып жатыр. Іздеу жұмыстары кезінде гидролокатордың жекелеген дыбыстарды анықтағаны хабарланды. Биліктің бағалауы бойынша, сәрсенбі күні таңертең кемеде шамамен 30 сағаттық оттегі қалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: