Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 5 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

18.05.2020, 12:41 453

Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден бес жастағы қыз бала құлап, жарақат алды.

Оқиға 17 мамыр күні Қызылорда қаласындағы «Астана» мөлтек ауданында болған. Сол сәтте ол үйде ата-ананың қарауынсыз қалған

– Соңғы уақытта облыста балалардың терезеден құлау оқиғасы жиі кездеседі. Биыл мұндай оқиға екінші мәрте тіркеліп отыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы орташа. Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер бақылауында, – деп хабарлады Қызылорда облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

Айта кетейік, 2019 жылы 7 бала осындай жағдайға тап болып, оның ішінде бір бала оқиға орнында қаза тапқан. Зардап шеккендердің негізгі бөлігі – 1-6 жас аралығындағы балалар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: