Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар менен жалықты

03.12.2020, 10:30 503

Стойчо  МЛАДЕНОВ,

«Қайсар»  футбол  клубының  бас  бапкері:

Өткен жылғы сәтті маусымнан кейін қызылордалықтар «Қайсар» футбол клубынан көп нәрсе күтті. Қазақстан Кубогын жеңіп алумен қатар, тарихында алғашқы рет Еуропа Лигасына жолдама алып, үлкен аренада бағын сынау бұйырған болатын. Дегенмен, маусым басын жақсы бастаған «қасқырлар» чемпионат ортасында сүрініп, біршама даулы оқиғаларға тап болды. Қазақстан Премьер-Лигасында да жағдай нашарлап, Еурокубоктің жолдамасынан қағылды.

Маусым бойындағы дау-дамайлар мен сәтсіз ойындардың әсерінен «Қайсардың» бас бапкері Стойчо Младенов те біраз сынға қалған болатын. Осы және чемпионат айналасындағы өзге де мәселелер бойынша болгарлық бапкер Sports.kz сайтына сұхбат беріпті. Біз сол сұхбатты «Халық» газетінің оқырмандары  үшін  орысшадан  тәржімалап  беріп  отырмыз.

– Стойчо, «Қайсардың» осы маусымдағы өнеріне қандай баға бересіз?

– Орташа. Пандемия барлық клубқ­а зиянын тигізді деп ойлаймын. Біз маусымды бастауға 4 рет қамдандық… Мұндай ауыр кезеңде ойыншылардың  деңгейін  ұстап  тұру өте қиын.

– Қазір команданың Еурокубок жолдамасына таласуға мүмкіндігі азайып­  барады. Оның  себебі  неде?

– Пандемияның алып келген зардаб­ы  жайлы айтып жүрмін. Со­ның өзінде, біз біраз жетістікке қол жеткіздік. Бұл жобаны 4 жыл бұрын Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен бастаған болатынбыз. Ол әлі де жалғасын табуда. Қателеспесем, «Қайсардың» тарихында бес бірдей ойыншының ұлттық құрамада өнер көрсеткені ешқашан болмаған. Дінмұхаммед Кашкен болса жастар құрамасында ойнайды. Біз жастар мен жергілікті ойыншыларға көп мүмкіндік беріп жүрміз. Чемпионаттағы ең қазақстандық команда біз десем­ қателеспеймін. Барлығы ой­дағыдай жүріп жатыр. Бұл – менің «Қайсардағы» соңғы жылым. Біздің бапкерлер штатына кіретін Қанат Шерімбетов бұл жолды жалғастыруы қажет. Мен ол туралы басшылыққа бірнеше апта бұрын ескерткен бола­тынм­ын.

– Маусым барысында «Қайсардың» бюджеті қаншалықты қысқарды? Жалақы уақытылы беріліп отырды ма?

– Иә, команда бюджеті біршама қысқарды. Ойыншылардың жалақысы да азайды. Оған келіспегендерді командадан «қуды». Осы фактор біз­дің ойынымызға әсер етті.

– Командаға мықты легионерлерді жинауға не кедергі болды?

– Мен команда сапында өткен жылдың көшбасшылары Джон Джошуа мен Тигран Барсегянды сақтап қалғым келді. Дегенмен, олардың мақсаты  біздің  қалауымызбен  сәй­кес келмеді. Сапалы ойыншылардың барлығы бірдей «Қайсарда» ойнауға асық емес. Оған бірнеше себеп бар. Дегенмен, оған қарамастан біз ар­тылған  жүкті  көтере  білдік.

– Барсегянды ұстап қалуға мүлдем мүмкіндік болмады ма?

– Өкінішке қарай, жоқ. Біз оны сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін  жасадық.

– Соңғы уақытта сізді қазақстандық ойыншылармен жанжалдасып қалды деген ақпарат шыққан еді. Осының­ анық-қанығын айтып бере аласыз  ба?

– Қырымбек Елеуұлы бастаған жобаны орта жолда қалдырмай, жалғаст­ыру керек деп ойлаймын. Оны сындырып алмау қажет. Маусым басынан бері оны сындыруға ұмтылып  жатқандар  өте  көп. Қанат Шерімбетовке  жұмыс істеуге қо­лайлы жағдай туғызып береді деген сенімдем­ін.

Мен ешқашан ешнәрсе жасырған емеспін. Менің ойыншылармен араздығым жоқ. Бірақ, кейде тәртіпке байланысты мәселелерді шешуге тура келеді. Футбол командасындағы тәртіп – ең маңызды қағидат. Оны легион­ерлер де, қазақстандықтар да сақтауы қажет. Мен үшін барлығы бірдей. Қазақ, болгар, француз, итальян­ болса да… Осы кезге дейін қазақстандық көптеген ойыншы­лар­ға  мүмкіндік бердік.

– Команда ішінде жаттығу уақы­тында қазақстандық ойыншылар мен легионерлер арасында келіспеушілік болғаны рас па? Соның әсерінен бір­неше ойыншы жаттығудан шеттеті­ліпті?

– Біз – кәсіби маманбыз. Мұндай ақпараттар жасырын. Бұл мәселелер клуб ішінде – команда пайдасына шешіледі.

Біз «Байқоңыр» ойыншыларын жүйелі түрде негізгі құрамға шақырып отырамыз. Соңғы ойындарда сондағы­ жас ойыншыларға мүмкіндік берудеміз.

– Нақты біреу сізді «Қайсар» сапында көргісі келмейді дегенге сенесіз бе?

– Иә-иә.

– Кім екенін айта аласыз ба? Ол қызылордалық па?

– Олар жергілікті адамдар деп ойлайм­ын. Төрт жылдан кейін менен зеріккен болар. Қызылордалық жанкүй­ерлер өзінің командасын өте қатты жақсы көреді және олар қатал, бірақ әділетті. «Қайсармен» жұмыс істеу өте қиын.

– ҚПЛ-дің биылғы маусымын саралас­ақ, «Қайраттың» чемпион болуы­ның себебі не? Және «Астана» неліктен турнирлік кестеде біршама ұпай  қалып  қойды?

– «Астананың» ойыны нашарлап кетті. Дегенмен, ол – үздік қазақстандық ойыншылар жиналған мықты­ команда. «Қайрат» жігерлік танытты. Өткен жылғы жеңілістен кейін де бапкерін ауыстырмады. Алматы­лықтардың чемпион болуы – заңдылық.

Төрт жыл көлемінде бірге жұмыс істеген клуб басшыларына алғысымды білдіремін. Олар – өз ісінің мамандары. Қызылордадағы жұмысымды аяқтағаннан соң да олармен дос болып­  қаламыз.

Орысшадан  аударған

Бекзат  Жалғасбекұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: