Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Маған «Төртқараның авторы» десе де жеткілікті»

15.08.2020, 11:30 1408

HALYQLINE.KZ  «Төрткен» мен «Төртқара» есебінің авторы Асқар Жұмаділдаевпен өрбіген қысқа да нұсқа, қызықты сұхбатымызды оқи отырыңыздар.

  • Асқар Серқұлұлы, шаһарымыздағы жас математиктерді ынталандыру жалғасын тауып келеді. Балаларды осы ғылымға бағыттау үшін білім саласына қандай жүйе керек?
  • Оған ешқандай жүйенің қажеті жоқ. Баланың талабына, қиялына, шабытына кедергі жасамаңыз, «миын ашытпаңыз», көп ұрыса бермеңіз. Ғылымға үйренетін болса, «жарайды» деп мақтап қою керек.
  • Сіз кез келген нәрсені есепке айналдыра аласыз. Тіпті латын әліпбиін де есептеп тастадыңыз. Қазақстанның шекарасын есептеп көрдіңіз бе?
  • Иә, дұрыс айтасыз. Ол оңай есеп ғой. Оны Әлімхан Ермеков (математикадан тұңғыш қазақ профессоры) деген математик есептеген. Қазақстанның шекарасын есептеп, сызып берген сол кісі. Қазір шекара белгілі. Оның қажеті жоқ. Ал қазіргі мәселе – латын әліпбиі. Сондықтан соны есепке айналдырдым. Еріккеннен немесе уақытымның көптігінен емес. Басқа амал болмады. Өйткені мына алфавит еніп кетсе, жұрттың бәрі зар жылайды. Сұмдық болады. Сіз әлі білмей отырсыз.
  •  Сіз сол, бір әріп – бір дыбыс деген нұсқаны қолдайсыз ғой…
  • Иә, ұмтылып жатырмыз, бірақ мүмкін емес. Оған себеп, қазақтың емес, латынның алфавиті. Мысалы, «с» деген дыбысты алыңыз. Мұны «с» деп те, «к» деп те оқыла береді.
  • Латын әліпбиінің нұсқасы қабылданды. Пікіріңіз қандай?
  • Жоқ. Өте қолайсыз. Шындықты айту керек, халықтың қолдауы бар деп айта береді. Мен «Қазақ әдебиетіне» шыққан мақаламда қазақтың төл әріптерін қалдыруды ұсындым.
  • Үштілділікті меңгерту секілді математиканың да түрлері бар ма?
  • Көп. Оны айтып тауысу мүмкін емес дәл қазір.
  • Тура жүргенді ұнатасыз ба, әлде айналып өткенді…
  • Лажы болса, тура жүрген дұрыс. Бірақ өмірде ондай бола бермейді. Енді ол мақсатқа байланысты.
  • Есебіңізде «ГАИ» қызметкерінен «айналып» өттіңіз. Неге? Қорқасыз ба?
  • (Күлді) Қазақстанның тең жартысы таниды. Тіпті 99 пайызы таниды. Көшеде суретке түсуге құмар. Мені танымайтын бір-ақ категория бар. Олар – ГАИ қызметкерлері. Өткенде Алматыда көшелерді қазып тастаған. Жүру қиындап кетті. Өте алмайтын жерден өтіп қалып ем, артымнан бір «ГАИшник» жетіп келді де, «көке, штраф төлейсіз. Праваңызды аламын» деді. Ал не істейсің? «Әттеген-ай» дедім.
  • Сізге қандай марапат ұнайды?
  • Маған «Төртқараның авторы» десе де жеткілікті.
  • Адам егер миын толықтай іске қосса, ұшып жүруге қабілеті жетеді ме? Адамның ұшуы мүмкін бе?
  • Жо-жоқ. Оны бір қияли адам айтқан шығар. Ол тіпті Архимед пен Ньютон Заңына да қайшы келеді.
  • Жақсы көретін есебіңіз?
  • 2+2=4.
  • Әңгімеңізге рақмет.

(Мұрағаттан алынды)

Пікірлер:
  • Латын әліпбиі туралы көзқарасын менде қолдаймын.Неше жылдар,тұтас ғасыр десемде болады кириллицамен сауаттанып келіп.Жағдайды одан әрі қиындатудың қажеті қанша.Алдымен қазақ тілінің мәртебесін көтеріп,өз тілімізді ұлықтайық.Небір әдебиеттің классикалық туындыларын латын әліпбиімен басып шығу көп уақытты жоғалтуға әкеледі.Оған дейін ұрпақ муңгүрттеніп болады ғой.Тіліміздің ахуалын ушықтырудың қажеті шамалы.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: