Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғалым Кенжебаев: Токиоға дайындық бүгіннен басталды

12.01.2021, 15:30 1357

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Кубада бірлескен оқу-жаттығу жиынына баратын боксшыларды атады. Сонымен биылғы жылдың басты додасы – олимпиада болмақ. Қазақ боксшылары Олимпиададан 7 алтын, 7 күміс және 8 қола медалға ие болып, әлем бойынша үздік ондықта тұр. Шілде айында Ғалым Қалиұлының шәкірттері Жапония астанасы Токиода еліміздің Туын көтеріп, Әнұранымызды асқақтатар деген ойдамын.

Кубаға баратын 16 боксшы:

Махмұд Сабырхан (52 кг) мен Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов (57 кг), Ораз Асылкулов (52 кг), Ертуған Зейнуллиев (63 кг), ағайынды Саматәлі Төлтаев (60 кг) пен Санатәлі Төлтаев (63 кг), Абылайхан Жүсіпов (75 кг), Қуан Қуатов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг) және Райс Нұрқанат (75 кг), Ермахан Жақыпбеков (75 кг), ағайынды Нұрбек Оралбай (81 кг) мен Айбек Оралбай (91 кг) және Сағындық Тоғамбай, Нұрлан Сапарбай (+ 91 кг жоғары).

Ғалым Қалиұлы, Кубада оқу-жаттығу жиыны неше күнге дейін болады?

– Кубаға 13 қаңтарда жол жүріп, екі аптадай Куба құрамасының боксшыларымен бірге жаттығып, спарингтер өткіземіз. Менімен бірге Ұлттық құраманың жаттықтырушылары Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақұрпеков және Асқар Еркебаевтар барады.

Ұлттық құрама боксшылары алдағы Токио олимпиадасынан басқа қандай жарысқа қатысуы мүмкін?

– Кубаға барып келгесін тағы да оқу-жаттығу жиыны өтеді. Алматыға шетелдерден боксшылар шақырып жатырмыз. Біздің елге Англиядан боксшылар келеді. Басқалары әзірге белгісіз… Еуропаның біраз елдерінде ақпан мен наурыз айларында халықаралық жарыстар бар. Сол жарыстарға жігіттерді қатыстырамыз. Бірінші, екінші және үшінші нөмірлі боксшылар да жарыстарға барып бақтарын сынайды. Сонымен, Токиоға дайындық бүгіннен басталды.

Жедел сұхбатыңызға рахмет! Сәттілік тілеймін!

P.S: Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Токио олимпиадасының мүмкін болған 8 жолдамасының барлығын жеңіп алған.

Айбек МҰХАНОВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: