Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аманкелді Кененбаев, «Комиссия маған «Мұстафа Шоқай тақия кимеген!» деді»

05.02.2020, 15:22 2075

 Мұстафа Шоқайдың бюстін жаса­у  туралы  конкурс  жарияланғанда  мен “әкем ғой ” деп бәсекелестікті күшейту үшін, қыздыру үшін қатыс­қан болатынмын. Сонда көптеген өнер иелері, журналистер менің жұмысыма жақсы баға берді. Бірақ, комиссия мүшелерінің пікірі екіге жарылды. Жалпы, комиссиядағылардың бір-бірін мойындамайтын, өзара қарсылығы бар адамдар екенін сезген де едім. Тіпті, олардың бірі маған тиісе бастады. Мен Мұстафа Шоқайдың тақия киген нұсқасын жасаған едім. Ол болса, “ол кісі мүлдем тақия киме­ген” деп қиғылықты салады. Менде фотосы  болатын, оның үстіне туыс­ты­ғы бар, бес саусағымдай біле­мін ғой. Қысқасы, комиссия отырысы­ 6 рет өтті. Идеям дұрыс, бірақ, шаршай бастаған соң басқаша жасағаным дұрыс шығар деп жүрген­мін. Қанша уақытым кетті, қоя саламын ба деген де ой болды.

Бір күні түнгі сағат 2-лер­дің кезінде ұйқыға кеттім. 20 минут ұйықтадым ба біл­меймін, түс көріп жатыр екенмін. Франция. Париж. Қымбат мейрам­хана. Бүкіл өнер иелері  бар. Солармен емін-еркін араласып, сұхбат құрып  жүрмін. Содан артымнан қара киім киген біреу келіп “Тұр, жұмысыңды істе!” дегендей болды. Мен мұны атам екен деп қабылдадым. Ұйқым қанып қалыпты. Эскизім мені күтіп тұр. Бірден жалғастырып, таң атқанша аяқтадым. Сол жұмысым барлық комиссиялардан өтті. Бірақ, Мұстафа Шоқайға мемлекет тарапынан  ешқандай қаржылай қолдау бол­ған жоқ. Демеушілік көмек көрсе­тілді. Сондықтан авторымын деп арнайы­ жазған жоқпын. Аман-есен Парижге орнатып қайттық. Онда 24  күн  болдық. М.Шоқай атындағы француз-қазақ қоғамының басшысы Яшар Дініш, М.Шоқай қорының төрағасы Базарбай Атабаев, одан өзге Тұрғанбай Маханов, Мұрат Бақтиярұлы, т.б. секілді кісілердің еңбегі көп сіңді.

Суретші, мүсінші Аманкелді Кененбаевтың

«Сол жағалаудан ана образын көргім келеді»

атты сұхбатынан үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: