«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Жерлесіміз әлем кубогында жеңімпаз атанды

18.11.2020, 9:15 143 0

HALYQLINE.KZ Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан онлайн Əлем кубогында жерлесіміз Рахат Бекболат чемпион атанып, Қазақ елінің абыройын асқақтатты.

Сыр елінің зілтеміршісі Рахат жасөспірімдер арасында 102 келі салмақ дəрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс нəтижесінде 319 келіні (140+179) бағындырды.

Айта кетейік, былтырғы жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы Əлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын.

Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, ️Азияның «Үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған. Бапкері – Нұржан Смаханов, Арман Абдраев.

Жарыстың соңғы күні, бүгін 81 келіден жоғары салмақта жерлесіміз Айсамал Сансызбаева өнер көрсетеді. Жерлесімізге сəттілік тілейміз! 11-18 қараша аралығында өтіп жатқан дүбірлі бəсекеге 61 елден 399 спортшы қатысуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: