Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жақсылық Үшкемпіров: «Шәмілдің сөзі болмағанда Олимпиада чемпионы болмас едім»

08.08.2020, 14:00 1352

HALYQLINE.KZ

Жақсылық Үшкемпіров бір сұхбатында былай деген еді:

«Олимпиададағы әрбір күрес оңайға соқпайды. Кезекті қарсыластың бірін басында жеңіп келе жатқаныммен, артынша әдістерім өтпей, ол басым бола бастады. Іштей істің қиынға айналып бара жатқанын сезіп тұрмын. Айнала шу, айғайлаған адам. Бұндайда тренеріңді де есту қиын.

Бір кезде Шәмілдің даусын естідім. «Түйе құсап шайқа, түйе құсап шайқа» деген қазақша сөз бен Шәмілдің даусын жазбай таныдым. Және оның не айтып жатқанын да түсіндім. Сонша айғайдың арасынан қазақтың сөзі, қазақтың даусы құлағыма анық жетті. Қарсыласымды екі қолынан алып шайқадым. Кері шегінгенінде екі-үш әдісті қатар жасап, ұпайымды арттырып алдым. Ары қарай күресім жүріп кеп берді.

Шәміл – хас талант ғой. Күресті сыртынан бақылап тұрып, ең керек сәтте, ең керек кеңесті берді. Егер сол сөзі болмағанда, менің олимпиада чемпионы болмай қалуым да әбден мүмкін еді».

Дерек Ұларбек Нұрғалымұлының парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: