Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жапония 2021 жылы Олимпиада өткізбеуі мүмкін

22.01.2021, 15:25 361

Жапония билігі пандемияға байланысты Олимпиада ойындарын Токиода өткізуден бас тартуға мәжбүр. Бұл туралы Times жапон үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Азаттық радиосы.

Дереккөздің айтуынша, Ойындардан бас тарту туралы шешім қабылданған, енді жапон билігі әлемге бұл шешімді хабарлау жолдарын іздестіріп жатыр. «Бұл жаңалықты ешкім бірінші болып естірткісі келмейді, бірақ бәрі Олимпиаданы өткізу қиынға түсетінін түсінеді», – деді дереккөз. Оның айтуынша, мұндай шешімге қыстағы пандемия толқыны әсер еткен.

Жапония үкіметі бас хатшысының орынбасары Манабу Сакаи бұл мәліметті жоққа шығарды. Дегенмен, ол жапон үкіметі шетелдегі жағдайды есепке ала отырып, уақыты келгенде түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты. Әзірге Токио Олимпиаданы 2021 жылы жазда өткізуге бар күшін салып жатыр.

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах та ұйымдастырушылар Ойындарды Токиода өткізуден бас тартпағанын мәлімдеді.

Жазғы Олимпиада ойындары Токиода былтыр жазда өтуі тиіс болған. Ойындарды 2021 жылдың жазына ауыстырды. Олимпиаданың «Токио-2020» атауы сақталады. Мұндай шешім ақша үнемдеу мақсатында қабылданған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: