Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы Абайдың немересі де дойбы ойнаған

08.10.2020, 14:30 864

HALYQLINE.KZ Биылғы Абай жылында ұлы ақынның дойбы ойнағаны жайлы («Халық», № 40) басылған материалға қосымша мына бір деректі ұсынамын. Ұлы ақынның ұрпақтары да дойбы, тоғызқұмалақ ойындарымен айналысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Құмарлық» деген өлеңінде «Шатыраш ойнап ұтылған сықылданып, Байқаймын, кешікпей-ақ мат қылғандай» деп жырласа, Абайдың немересі семейлік Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың дойбыдан Қазақстанның бірінші чемпионы болғанын жұрттың барлығы біле бермейді.

Қазақстанның бірінші чемпионаты 1935 жылы өтіп, оған 12 ойыншы қатысып Әрхам Ысқақов чемпион болған. Әрхам Кәкітайұлы 1949 жылы өткен республика біріншілігінде екінші рет чемпион болыпты. Бұл кісі сонымен бірге тоғызқұмалақты да жақсы ойнаған, бірнеше рет ел біріншілігіне қатысқан. Абайдың мұражайында ұлы ақын ойнаған дойбы тақтасы мен тастары сақталған.

Сағат ЖҮСІП

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: