Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық құраманың кезекті құлдырауы

08.09.2020, 9:30 460

HALYQLINE.KZ Кеше Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан құрамасы Беларусьті қабылдады.

Бірінші тайм қонақтардың басымдылығымен өтті. Беларусь футболшылары допты көп уақыт ұстады. Стас Покатилов қақпасына жиі соққы бағыттады. Әйткенмен алғашқы таймда есеп ашылмады. 

Үзілістен кейін Беларусь шабуыл жасауды жиілетті. Қапталдың әуелетіп асырған пасты Максим Бордачев тиімді пайдаланып, есеп ашты. Қазақстан уақыт ұзатпай таразы басын теңестірді. Абат Айымбетов қақпашы қателігін сәтті пайдаланып, мергендік танытты. 

Матч соңында тәжірбиелі футболшы, Қазақстан құрамасының вице-капитаны Ғафуржан Сүйімбаев қателесті. Ауттан қақпашыға пас беремін деген ойыншымыз Виталий Ласаковичтің аяғына допты салып берді. Қорытынды есеп – 1:2. 

Қазақстан – Беларусь 1:2 (0:0)

Гол соққандар: Бордачев 53 (0:1), Айымбетов 62 (1:1), Лисакович 86 (1:2). 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: