Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық құрамаға қандай футболшылар шақыртылды?

03.11.2020, 14:15 926

HALYQLINE.KZ Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек алдағы болатын матчтарға шақыртылған футболшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы 11 қараша күні сырт алаңда Черногориямен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 15 қараша күні Ұлттар Лигасының 5-туры аясында Албанияға қонаққа барады. 18 қараша күні өз алаңымызда Литва құрамасын қабылдаймыз.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны 9 қарашада басталады.

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Астана»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»);

Қорғаушылар: Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де – «Қайрат»), Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Аль-Айн», БАӘ), Бахтиёр Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Химки», Ресей), Айбол Әбікен («Қайрат»), Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев (екеуі де – «Қайсар»), Владислав Васильев («Рух», Беларусь), Серікжан Мужиков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Қайрат»), Алексей Щёткин («Астана»), Максим Федин («Қайсар»), Сергей Хижниченко («Ордабасы»)

 Қосалқы құрам:

Қақпашылар: Владимир Плотников («Ордабасы»), Игорь Шацкий («Тобыл»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Александр Соколенко («Қызыл-Жар»), Виктор Дмитренко («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Аслан Дарабаев («Жетісу»), Азат Нұрғалиев («Тобыл»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»);

Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тараз»), Роман Мұртазаев, Оралхан Өміртаев (екеуі де – «Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: