«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.49 (0.44)

  • EUR: 512.84 (3.55)

  • RUB: 5.63 (0.05)

Үстел теннисі бөлімшесі ашылды

09.10.2020, 11:00 286 0

HALYQLINE.KZ Мемлекет Басшысы кезекті Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тəрбиесіне жəне балаларға басымдық беру керек. Əр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу керек екенін атап өтті. Жалпы, облыста 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оларда 20 147 оқушы 46 спорт түрімен тегін шұғылданады.

Жасөспірімдерді спортқа тарту, бұқаралық спортты əрі қарай дамыту мақсатында Қызылорда қаласындағы №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен үстел теннисі бөлімшесі ашылды.

Көпшіліктің сұранысына ие болған спорт түріне 6-8 жас аралығындағы жасөспірімдерді ақысыз негізде қабылдау жүргізіліп жатыр.

«Нұрсəт» теннис орталығының 4 жабық теннис кортының құрылысы аяқталуға жақын. Іске қосылған жағдайда оқу-жаттығу процесі осы орталықта жалғасатын болады. Спортшылар əзірге «Евразия» спорт кешенінде жаттығады.

Балалармен үстел теннисінен жаттықтырушы Ернар Ибрай жұмыс жүргізеді. Байланыс телефоны: 8 702 178 21 17, 8 777 455 49 02.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: