«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

«Tour de Qazaly – 2020» веложарысы өтті

12.10.2020, 16:30 213 0

HALYQLINE.KZ Сенбі күні Қазалыда «Tour de Qazaly – 2020» веложарысы өтті. Жастар арасындағы спорттық жарысты аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Сауал Қазалы» қоғамдық бірлестігі мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Веложарыс Қашақпай Пірімов атындағы ауылдан бастау алды. Жарысқа қатысушыларға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов сәттілік тілеп, бұл шараның бұқаралық спортты дамытудағы рөлін атап өтті.

Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағының алдындағы мәреге алғашқы болып Дәурен Бекет жетіп, жеңімпаз атанды. Ал, Бағдат Әбекенов пен Бауыржан Орынбасаров екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

Веложарыстың жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев құттықтап, жеңімпазға жап-жаңа велосипедты табыс етті.

Жарысты ұйымдастырушылар велосипед тебуді жанына серік еткен әуесқой спортшыларды назардан тыс қалдырмады. Велошабандоздарды бірнеше номинация бойынша марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: