Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоғызқұмалақтан ел чемпионатына іріктеу жарысы өтті

19.01.2021, 17:00 616

HALYQLINE.KZ 14-19 қаңтар аралығында Қызылорда қаласындағы тоғызқұмалақ интеллектуалдық клубында облыс чемпионаты өтті.Республикада эпидемиологиялық ахуал қалыпты болған жағдайда спортшылар наурыз айында Тараз қаласында, сәуір айында Ақтөбеде өтетін ҚР командалық чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады. Облыс чемпионатына Қызылорда қаласы мен аудандардан 70-ке жуық спортшы қатысты. Олардың арасында 2 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6 спорт шебері, 28 спорт шеберлігіне үміткер және қалғандары I спорттық разрядты спортшылар болды.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша классика түрінен 8 турда өткізілді. Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында сырдариялық Бексұлтан Бостандықов 1-орынды, жаңақорғандық Ермұхамед Әлайдар 2-орынды, қазалылық Сәбит Шүленбаев пен қызылордалық Асылбек Қаржаубаев 3-орындарды иеленді.

Қыздар арасында жалағаштық Қызжібек Әбілда алтын медальға ие болса, қазалылық Ұлдана Маханбетамин – күміс, Сырдария ауданының спортшысы Ақерке Кенжебекова мен Қазалы ауданының спортшысы Әйгерім Жокелова қола жүлделерді еншіледі.

«Үздік ойын көрсеткені үшін» номинациясымен қызылордалық Алтынай Жақыпова мен қазалылық Серік Еркебаев марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының диплом, медальдары табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: