«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.4 (-0.47)

  • EUR: 502.78 (-0.6)

  • RUB: 5.59 (-0.01)

Тас түйін дайындықтан – тас-талқан жеңіліске

17.09.2020, 19:00 380 0

HALYQLINE.KZ «Қайсардың» Еуропа лигасындағы жорығы сәтсіз болды. Бұған дейін Қазақстаннан 3 рет сәтсіз қайтқан «Апоэл» осы жолы жеңіске жетті. Қызылордалық команда ойынның небәрі 5-минутында гол соғып, есепте алға шыққан еді. Бірақ, ойын соңына дейін тәжірибелі кипрліктер жауапсыз 4 гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.

Осыған дейін «Қайсардың» тарихи ойынға тас түйін дайын екенін жазғанбыз. Десе де, тәжірибе жетіспеген болуы керек, кипрлік ұжымнан тас-талқан болып жеңілді.

Айта кету керек, әлеуметтік желілерде «Қайсардың» бапкерлік құрамының жұмысына көңілі толмайтындардың жазбасы көбейе түсті. Дей тұрғанымен, футболда мұндай жағдайдың жиі болатынын жасырмаймыз.

«Қайсар» 1:4 АПОЭЛ

Голдар: 1:0′ Лобжанидзе, 1:1′ Де Висенти, 1:2′ Тухави, 1:3′ Атзили, 1:4′ Де Висенти (дубль)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: