Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тағыбергеннің голы тамыз айының үздігі саналды

09.09.2020, 14:00 497

HALYQLINE.KZ Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голын анықтау мақсатымен футболсүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама өткізді.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында ұйымдастырылды. Аталмыш шараға барлығы 1 183 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орынды OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайсар» – «Тобыл» (7-тур) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің голы атанды.

Қызылордалық команданың жартылай қорғаушысының тамаша соққысы 808 (68,3 %) сауалнамаға қатысушының көңілінен шықты.

Голды төмендегі сілтеме арқылы көруіңізге болады


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: