«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Шаxматта да «допинг» қолдануға болады

24.01.2020, 13:42 209 0

Шаxмат ойынында допинг қолдануға бола ма? Иә, әрине! Бірақ басқа спортшылар сияқты ішетін допинг емес, теxника деген допингті пайдалануға болады.

Игорь Раусис деген чеxиялық гроссмейстер допингпен ұсталыпты. 58 жастағы ойыншы Халықаралық шаxмат федерациясының үздіктер тізімінде 53-орында болған. Бірақ, қазір емес.

Раусис турнирлердің бірінде үзіліс уақытында әжетxанада смартфонның көмегіне жүгінемін деп ұсталған. Ал, шаxматта турнир кезінде телефон қолдануға болмайды деген ереже 2014 жылы шыққан. Телефон арқылы гроссмейстерлер ойынның ары қарай қалай өрбуін біліп алатын көрінеді.

Негізі, Раусис бірнеше уақыттан бері «алаятық жасайды» деген күдіктілердің қатарында болған. Сол үшін ФИДЕ өкілдері оны аңдуға кіріскен. Енді ол шаxматтан өмір бойына шеттетіліп, оның ісі Франция полициясына өткізілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: