«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Селекциясы сыр берген Сыр футболы

29.10.2020, 13:00 145 0

Соңғы уақытта жергілікті «Қайсар» футбол клубы сүреңсіз ойын өрнегін­ көрсетіп, жақсы нәтижемен көз қуанта алмай жүр. Облыстық бюджеттен қыруар­ қаржыны еншілейтін клуб бастапқы қарқынынан айырылып, «басшылық міндеттеген алтыншы орыннан төмен түспесек болғаны» деп жүрген секілді. «Қасқырлар» өткен жылы Қазақстан кубогін жеңіп алып, тарихында алғашқы рет Еуропа лигасына жолдама алды. Клуб бірнеше жылдар қатарынан трансферлік маусымда белсенділік танытып, құрамын да жақсартып алған болатын. Дегенмен, команданың селекциялық жұмысы күмән тудыратын трансферлермен де есте қалды. Миллиондаған қаржыға сатып алынған легионерлер мыңдаған жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаны былай тұрсын, алаңға шығып, аяқтары доп көрмей кеткендері де бар. Олай болса, «Қайсардың» соңғы маусымдардағы сәтсіз трансферлеріне назар аударайық.

1. Карлос Мигель Карлитос. Өткен маусымның ең сәтсіз трансфері десек қателеспейміз. Бұл ойыншының шеберлігі «Қайсар» жан­күйерлері үшін құпия болып қала бермек. Себебі­, португалдық «Қайсар» сапында мүлдем ойын өткізбеді. Португалия жастар құрамасында өнер көрсеткен футболшыны жанкүйерлер тіптен ұмытып та кетті. Маусым басында үлкен үміт күттірген жас футболшы командамен жыл бойына бірге болған. Дегенмен, сол күйі жасыл алаңға шыға алмай, қосалқа құрамды тоздыр­ған болатын. Жалпы, клубтың ойыншыны не үшін қатарға қосқаны әлі күнге дейін түсініксіз.

2.  Марин Оршулич. 2019 жылдың басында қызылордалық клубтың сапына қосылған хорват­ ойыншысы 1 жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Дегенмен, бір апта өткен соң «Қайсар» келісімшартты үзіп, ойыншыдан бас тартты. Тиісінше, Марин ФИФА-ға арыз тастады деген қауесеттер шықты.

3. Иван Пешич және Алексей Шумских. ФИФА-ға арыз берген футболшылар қатарына­ Алексей Шумских пен Иван Пешич те қосылды. «Қайсар» сапына ауысқаннан-ақ клубтың шабуылдағы лидеріне айналған хорват пен ресейл­ік қорғаушы пандемияға байланысты жалақыны төмендетеміз деген басшылықтың ұсынысына қарсы шыққан. Естеріңізде болса, коронавирус пандемиясының кесірінен «Қайсар­дың» бюджеті 34%-ға қысқартылған. Сол себепті, «Қайсар» футбол клубы ойын­шылардың жалақысын төмендеткен. Барлық ойыншылар аталған талапқа келіскенімен, жоғарыда­ғы екі футболшы одан бас тартқан болаты­н. Тиісінше, олармен келісімшарт бұзылды. Журналист Айдын Қожахмет телеграм арнасында «ФИФА Иван Пешичтің арызын­ қабылдап, клуб басшылығына футболшыға 45 миллион теңге төлеуін міндеттеген. Одан бөлек, қызылордалық командада трансферлік банға ілігіп қалу қаупі бар» деп мәлімдеді. Осыған ұқсас жанжалдан кейін елі­мізде­гі ең беделді командаларының бірі «Ертіс» футбол клубы жабылып қалғаны бәріміздің есіміз­де. «Қайсар» да сол павлодарлық клубтың тағдырын қайталамауына кім кепіл?

4. Александр Колев. Болгариялық шабуылшы «Қайсар» сапын жыл басында толықтыр­ған еді. Ойыншының соңғы нәтижелеріне қарап, жанкүйерлер оны күмәнді трансферлер­дің қатарына қосқан. Себебі, позициясы шабуыл­шы екеніне қарамастан соңғы үш маусымда бар-жоғы 1 ғана гол соққан. Салыстыра кетсек, өз шәкіртіміз, жас талант Өркен Махан да берілген уақыттың аздығына қарамастан осындай статистикаға ие. Колев бұған дейін Польша чемпионатында өнер көрсеткен. Сол жылы болгариялық шабуылшыны жергілікті БАҚ өкілдері өз чемпионатындағы ең нашар трансферлер қатарына қосқан болатын. Маусым басынан бері «Қайсар» сапының негізгі құрамынан орын алған ойыншы әлі де голдық нәтижемен көзге түскен жоқ. Онымен қоса көптеген жанкүйерлердің де сенімінен айы­рылып үлгерді. Бір қызығы, соңғы уақытта Колевті­ «қасқырлардың» бас жаттықтыру­шысы Стойчо Младеновтың туысқаны екен деген қауесет тарап жүр. Бұл туралы тіпті еліміз­дегі беделді спорт сайттарының әлеуметтік желілерінде де жазылып жүр. Әйтпесе, ойынының сүреңсіздігіне қарамастан негізгі құрамнан түспейтінін басқаша қалай түсінеміз?

5. Ризван Аблитаров. Украиналық қорғаушы да «Қайсар» сапына қысқы трансферлік маусымда қосылған болатын. Оның алдында «Ақжайық» клубында өнер көрсеткен Ризван оралдық клубтың қорғанысындағы көшбасшысына айналды. Қазақстан чемпионатымен жақсы­ таныс украиналық «Қайсарды» біршама­ алға сүйрейді деп болжаған едік. Дегенмен, мау­сым бойына бірде-бір ойынға қатыспай, жазғы трансферлік маусымда украина клуб­тарының біріне ауысып кетті. Бос кеткен жоқ, бірнеше миллион қаражатты қалтасына қыстырып  кетті.

6. Йоанн Аркин. Жалпы, бұл футболшы да – үлкен үміт күттірген ойын­шылардың бірі. Өзінің кәсіби спорттық мансабында Франция, Англия елдерінің төменгі дивизионында ойнап, жақсы көрсеткіштерге ие болған. Атақты Энфилд стадионының шаңын шығарып, «Ливер­пульдің» қорғаушыларын біраз шаршат­қан. Дегенмен, уақыт өте ойыншы нашар өнер көр­сете бастады. Маусым сайын клуб ауыс­тырған ойыншыны «Қайсардың» селекционерлері байқап қалыпты. Атақты стадионда гол салған деген атағы қызықтырды ма, әлде шыны­мен ойын үлгісі көңілдерінен шықты ма, әйтеуір футболшы «қасқырлар» сапына қосылды. «Қайсар» құрамында 8 ойынға қатысып, нәтижелі көрсеткішпен көзге түспеді. Sports.kz сайтының тұжырымы бойынша 2018 жылдың ең сәтсіз трансферінің қатарына қосылды. Аркин­нің пейілсіз ойынын жанкүйерлер көңілсіз  қабылдады.

7. Пол Вере. Кениялық шабуылшы «Астана»­ ойыншысы Твумасиді жылдамдықтан басып­ озам деп өзіне деген сенімділігін білдірген. Маусымның алғашқы кездесулерінде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, негізгі құрам­ға шығып жүрді. Бірақ, уақыт өте ойын сапасы біртіндеп төмендей бастады. Жалпы, ойыншы бұның алдында да белді клубтарда ойнап көрмеген. Кениялық вингер «қасқырлар» сапынд­а сабылып ойнаса да, мардымды нәтижеге қол жеткізбеді. 23 ойын өткізіп, ешбірінде­ қарсылас қақпасынан саңылау таба алмаған.

Тақырыпқа  тұздық

Қазақстанда мен бай мемлекет пен кедей халықты көрдім. Менің жалақымның өте жоғары болғанына қарамастан «Қайсар» футбол клубының базасы тым нашар болғаны қатты таңғалдырды.

Матиас  Курьор

Жоғарыда аталған футболшылардан бөлек, Франк Джа Джедже, Андре Букия, Абылайхан Төлегенов және т.б. футболшылар бар. Байқағандарыңыздай, сәтсіз трансферлер өте көп. Ал бұлардың шығынын облыс бюджеті көтеріп жатқаны­н ескерсек, команданың селекциясына­ жауап беретін қызметкерлерді сүзгілеуден өткізу қажет секілді. «Дала тағыларына» «күзеу тозған оты жоқ» ойыншылар мансабының шеті жақын­дағанда қаржыға қарық болып қалармыз деген үмітпен келетін секілді. Әрине, сәтсіз трансфердің бәріне бірдей селекционерлер кінәлі емес. Оған әртүрлі себептердің болуы мүмкін. Жарақат, психологиялық қысым, жергілікті атмосфераның жақпауы. Дегенмен, соңғы 25 матчта бар-жоғы бір ғана гол соққан шабуылшыдан өз позициясының лидеріне айнал­уын күтуді бөлінген қаражатқа немқұрайды қарау деп түсінеміз. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты футбол ала-құла өзгеру­ үстінде. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында «қаржылық тапшылық кезінд­е кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебі­нен қаржыландырудың еш мәні жоқ» деп айт­қан болатын. Демек, алдағы уақытта «дала қасқыр­ларына» селекция жұмысын жақсартып, трансферлік маусымда қырағы болу қажет.

Сонымен қатар, клуб айналасында соңғы уақыттарда қауесет әңгімелер көбейіп кетті. Оның көбісі бас бапкер Стойчо Младеновке байланысты. Тіпті, кейбіреулер бюджет «жырт­қышы» деп атап кеткен. Тараған қауесеттердің бірі Еуропа лига­сындағы ойынға байланысты. «Апоэл­мен» болған ойында клубтың ұтылып жатқанына қарамастан алаңға жас қорғау­шы Дінмұхаммет Кашкенді шығарған еді. Тиісінше, сол «құрметі» үшін жас футболшының әкесі Стойчоны «сыйлап» жіберіпті-мыс. Еуропа лигас­ында көрсеткен ойын жас футболшының түйіндемесінде «қара әріптермен» белгіленетіні түсінікті. Сол үшін ойыншының әкесі жақсы тырысқан болуы керек­. Одан бөлек, Қызыл­ордадағы болгарл­ық «бизнесменнің» тағы бір «жақсы көретін» ойынш­ысы Марк Гурманның әкесі де баласының тұрақты ойнауы үшін Младено­вке өз «алғысы­н» білдіретін көрінеді. Осы сарынды қауесеттің көбеюі жақсылыққа апармайды. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» демекші, биліктегілер мен клуб  басшылығы қызметкерлер құрамына тексеріс жасауы керек секілді. Бәлкім, сонда ғана жағымды өзгеріс­терді  көзіміз  шалып  қалар…

Бекзат  АМАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: