Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат онлайн түрде өтті

02.04.2020, 15:13 2099

iggamecenter.com сайтында онлайн жүйеде тоғызқұмалақтан ересектер арасында Қызылорда облысының жекелей чемпионаты өтті. Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 106 тоғызқұмалақшы қатысып, үздіктер анықталды.

Жекелей чемпионат рапид түрі бойынша 9 турда өткізілді.

Нəтижесі бойынша:

Ерлер:

1-орын Ерұлан Амангелді (Жалағаш);

2-орын Бексұлтан Бостандықов (Қызылорда);

3-орын Ермұхамед Әләйдар (Жаңақорған);

3-орын Рауан Ыбрай (Қызылорда).

Əйелдер:

1-орын Бекзат Əмір (Қызылорда);

2-орын Ұлдана Маханбетамин (Қазалы);

3-орын Мадина Әлібек (Жалағаш);

3-орын Қызғалдақ Әскербекқызы (Сырдария).

Жарыстың «Үздік ойыншылары» номинациясына Дидар Ади (Жалағаш), Құлмұхаммед Қашқынбай (Қызылорда), Аяна Ұлықпан (Қызылорда) ие болса, Серік Еркебаев (Қазалы) «Тарлан ойыншы» атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: