Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

24.08.2020, 9:15 339

HALYQLINE.KZ Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді.

MTK Kazakhstan компаниясы Алматыда өткізген бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қоңқабаевтың қарсыласы кәсіпқойда 21 кездесу өткізген Ақбербаев болды. Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жек екінші раундта аяқталды.  

Бұл – Ақбербаевтың карьерасындағы екінші жеңіліс, сонымен қатар, ол 20 рет жеңіске жеткен (15 нокаут). 2019 жылы қарашада Ақбербаев ресейлік Олимпиада чемпионы Евгений Тищенкодан (20-1, 15 КО) жеңілген.

28 жастағы Қоңқабаевтың 2021 жылға шегерілген Олимпиада жолдамасы бар. Әзірге ол кәсіпқойға толықтай ауысып кетуді жоспарлап отырған жоқ.

Әуесқойда Қамшыбек 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: