Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Qazaq» шаршы алаңға қайта оралмақ

02.09.2020, 11:10 317

HALYQLINE.KZ Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. Бұл туралы BoxRec басылымы хабарлады.

«Qazaq» лақап атымен танымал боксшымыз 16 қазан күні шаршы алаңға шығады деп күтілуде. АҚШ-тың Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді. Әзірге Қанат Исламның қарсыласы кім болатыны белгісіз. 

Бұған дейін RingPolska басылымы Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам екінші орта салмақта WBA чемпионы Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) пен WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығатыны, қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия (34-0, 28 КО) болматынын жазған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілердің шешімімен ұтқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: