Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда спорт алаңдары салынады

04.03.2020, 12:15 374

Биыл Әйтеке би кентінде 2 спорт алаңы салынады. Жасанды жасыл төсенішпен қамтамасыз етілетін алаңда балалар негізінен футбол ойнайтын болады.

Қазіргі таңда аудан орталығында 9 шағын футбол алаңы бар. Оның басым көпшілігі теміржолдың бергі бетінде орналасқан. 10 мыңнан аса тұрғыны бар 5 квартал аймағында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ауласында ғана бар.

Осыған орай биыл 5 квартал аймағынан 2 шағын футбол алаңын салу жоспарланып отыр. Оның бірі Дулатов пен Әліпбаев көшелерінің қиылысында орналасса, екіншісі Жетес би мен Елховников көшелері түйіскен жерге салынады.

Спорт алаңдарын салу үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржылары бөлінді. Жақын күндері мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мекеме анықталатын болады.

Айта кетейік, өткен жылы Ақтан батыр ауылынан 150 орындық стадион құрылысы басталып, биыл аяқталған болатын. Жақын күндері бұл стадионның есігі ауыл балалары үшін айқара ашылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: