Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсардың» капитаны ҚПЛ-дің ең үздік голын соқты

20.12.2020, 13:00 596

HALYQLINE.KZ Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) OLIMPBET -футболдан Қазақстан Чемпионатының өткен маусымның үздік голын анықтау мақсатымен футболсүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына OLIMPBET -футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарында соғылып, тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларында өткен сауалнама бойынша үздік атанған 4 голды ұсынылды. Шараға барлығы 1 199 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша 2020 жылғы OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік гол болып «Қайсар» – «Тобыл» (7-тур, 2:1) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің керемет голы атанды. Қызылордалық команданың ойыншысының голына 570 (47,54 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Айта кетейік, үздік голға ұсынылған төрттікке «қасқырлар» сапынан 3 гол ұсынылған еді. Оның екеуі Асхат Тағыбергендікі болса, енді бірі Элвин Фортестің еншісінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: