Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» Түркияға аттанды

27.01.2021, 12:00 485

HALYQLINE.KZ Бүгін қызылордалық «Қайсар» Қызылорда-Алматы-Анталия бағыты арқылы Түркияға аттанды. Қара теңіздің жағалауында қасқырлар наурыз айының 3-іне дейін жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Оқу-жаттығу жиын барысында бас бапкер Сұлтан Әбілдаев бірнеше жолдастық кездесу өткіздуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар команда құрамына қосылатын футболшылар Түркияда қаралымнан өтетін болады.

Үшінші оқу-жаттығу жиынына төмендегі футболшылар шақырту алды.

Қақпашылар: Марсель Исламқұлов, Нұрымжан Салайдын;

Қорғаушылар: Елжас Сарбай, Олжас Алтаев, Иван Граф, Ілияс Әмірсеитов, Абылайхан Төлегенов;

Жартылай қорғаушылар: Данияр Әлімжан, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов Думан Нәрзілдаев;

Шабуылшылар: Шоқан Абзалов, Өркен Махан.

Айта кетейік, команданың шабуылшысы Елжас Алтынбеков аздаған жарақатына байланысты қасқырлардың оқу-жаттығу жиынына кейінірек қосылатын болады.

«ҚАЙСАР» ФК баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: