Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» тарихи матчқа тас түйін дайын

15.09.2020, 18:35 1076

HALYQLINE.KZ Бірер күннен соң Сыр бойының бас командасы кипрлік АПОЭЛ-ға қарсы ойын өткізеді. Тарихи матчқа «Қайсар» командасы тас түйін дайын. Командада жарақат алған ойыншылар жоқ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингте команда капитаны Асхат Тағыберген мәлімдеді.

Қызылордалық «Қайсар» 17 қыркүйекте Еуропа Лигасындағы жорығын бастайды. Қарсыласы – өз елінің 28 дүркін жеңімпазы, кипрлік АПОЭЛ. Еуро додаларда жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

«Біздің команданың әлеуеті көңіл қунатады. Соңғы турларда фаворит командалармен кездесіп, әзірлікті пысықтадық. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы базада физикалық оқу-жаттығу жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Футболшыларда жарақат жоқ, барлығының алаңға шығуға мүмкіндігі бар. Жауапты ойында алаңға шығатын ойыншылар әлі нақтыланған жоқ. Құрамдағы барлық футболшылардың Еуропа лиигасында дебютті ойынға дайындықтары жоғары», – деді команданың сарапшы бапкері Қанат Шерімбетов.

«Дала қасқырлары» ел біріншілігінде 4 жеңіс, 1 тең, 2 жеңілісі бар. 13 ұпаймен төртінші орында келеді. Ал, «Қайсардың» қарсыласы АПОЭЛ өз чемпионатында 3 матч өткізіп, 4 ұпаймен 7-орынға тоқтаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: