Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» «Шахтерді» жеңді (Фото)

22.10.2020, 16:00 793

HALYQLINE.KZ «Қайсар» маусымдағы 5-ші жеңісіне қол жеткізді Футболдан OLIMPBET – Қазақстан чемпионатың 14-турында «Қайсар» «Шахтерді» қабылдап, 2:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ойынды ширақ бастаған «қасқырлар» 36-минутта есеп ашты. Голдың авторы – Асхат Тағыберген.

Кездесудің екінші жартысында қызылордалық ойыншылар таблодағы есепті еселеді. Александр Станисавлевичтың берген пасын шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе ұтымды пайдаланып, кездесудің нүктесін қойды. Енді Младенов шәкірттері 26 қазанда «Жетісумен» шеберлік байқасады.

«Қайсар» ФК-ның баспасөз қызметі

Фото: «Қайсар» футбол клубының ресми парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: