Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» маусымды легионерсіз аяқтай ма?

26.10.2020, 11:15 558

HALYQLINE.KZ Қызылорданың «Қайсар» командасы легионерлердің болашағы жайлы шешім қабылдады. Бұл туралы Айдын Қожахмет өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Қазақстан чемпионатының осы маусымы жоспарланғаннан кешірек, 2-3 желтоқсанда аяқталады. Алайда көптеген клубтар үшін футболшылардың келісімшарттары әлдеқайда ертерек аяқталады. Кейбіреулерінде 9, ал енді бірінде 20 қарашада.

«Әзірге бұл мәселені қалай шешуге болатындығын ешкім түсініп отырған жоқ. Теориялық тұрғыдан қысқа мерзімге қосымша келісімдер жасауға болады. Бірақ бұған кез келген легионер келісе бермейді. Әсіресе келесі жылға жоспар құрып, клубын ауыстыру туралы шешім қабылдаған футболшылар. Ал клубтардың көпшілігі сөзсіз маусымның соңында біраз ойыншысынан айырылады.

«Қайсар» осы жағдайда не істеу керектігі туралы шешім қабылдады. Команданың үздік төрттікке кіре алмайтыны анық және ҚПЛ-ден де шығып қалмайды. Ал бесінші немесе сегізінші орындарда болу үлкен айырмашылық емес. Сондықтан клуб мынандай шешім қабылдады: олар легионерлердің ешқайсысымен қосымша келісім жасамайды, келісімшарттары біткен бойда оларға үйлеріне қайтады. Ал чемпионатта жергілікті футболшылар ойнайды.

Бірақ басқа клубтар не істейміз? Сол «Оқжетпес» пен «Қызыл-Жардың» ҚПЛ-да қалу-қалмауы әлі шешілген жоқ. Бюджетте футболшылармен келісімшартты ұзартуға арналған қаражат қарастырылмаған. Олар не істейді? Бұл – үлкен сұрақ», – деп жазды Қожахмет.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір «Қайсар» 13 турдан кейін 20 ұпаймен Премьер-лишаның турнирлік кестесінде бесінші орынға жайғасқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: