Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» ХК Қазақстан чемпионатына қатысады

27.11.2020, 12:00 557

HALYQLINE.KZ Жасөспірімдерді спортқа тарту мақсатында Қызылорда қаласындағы №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен 2015 жылы шайбалы хоккей бөлімшесі ашылған болатын. Қазіргі таңда бес топта 50 жасөспірім спортшы жаттығады. Олармен білікті бапкерлер Сергей Давыдов пен Абай Сейітқасымов жұмыс істеуде.

Шайбалы хоккей бөлімшесіне 5-7 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар ақысыз негізде қабылданады. Жасөспірім спортшылардан құралған «Қайсар» командасы осы жылдар аралығында ел чемпионаттарында үздік бестікте өнер көрсетсе, республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз жəне жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.

Команда алдағы болатын Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатына дайындалуда. Мақсат – жеңімпаз атану.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: