«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

«ҚАЙСАР»&«АПОЭЛ»: капитан мен бас бапкер не дейді?

10.09.2020, 10:40 152 0

Клуб болып құрылғалы алғаш рет Еуропа лигасын­а шыққан Қызылорданың «Қайсары» екінші іріктеу кезеңінде кипрлік «АПОЭЛ» командасымен кездеседі. Бұл туралы ақпараттың шыққаны­на да біраз уақыт болды. Бірқатар БАҚ өкілдері мен спорт сарапшылары қос  команда  арасын­дағы  кездесуге өз болжамын айтып үлгерді. Иә, пікірдің екіге жарылған­ы  анық. Өйткені, доп – домалақ, алаң – жазық…

Айта кетелік, ойын 17 қыркүйек күні Шым­кент­те өтеді. Іріктеу кезеңіндегі кездесулер бір ғана матчтан­ тұрады. Жеңген команда келесі  айна­лымға  өтсе,  жеңілген ұжым турнирден шығып қалады. Осы орайда, «Халық» газетінің «Сергек» спорт беті екі жайтқа ерекше мән беру керектігін жазады. Біріншіден, қазір ел біріншілігінің ойындары өте тығыз­ өтуде. Оның ішінде ұлттық құрамасына шақырты­лған және онда ойын өрнегін көрсеткен «қасқырлар» бар. Бұл «Қайсар» ойыншыларына әртүрлі әсер етуі мүмкін. Айтқандай, Қажымұқан Мұңайтпасов есімін иеленген стадион­ қызылордалық команданың оң жамбасына сай келеді­ деуге әбден болады. Бұл – екінші жайт. Өйткені, Сырдың  бас  командасы 3 жыл бойы сырт алаңда «Ордабасымен» жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп жүр. Спортта­, оның ішінде футбол­да мұндай сәттілікке һәм статистикаға сенетін­  жанкүйерлердің өте көп екенін еске салсақ, бұл – едәуір артықшылық. Айтпақшы­, кипрліктердің осыған дейін «Астанадан» өте алмай жүргені, Қазақстанның стадионы мен күн  райының  қолайсыздығы  да  бар.

Қалай десек те, ойын тағдырын 90 минут пен оған қосылған қосымша уақыт не пенальти сериясы­ шешеді­. Ал, «Қайсардың» капитаны Асхат Тағы­берген мен бас бапкері Стойчо Младеновтың матч туралы ойы қалай? Оны да біле отырайық.

Рыскелді  СӘРСЕНҰЛЫ


Асхат ТАҒЫБЕРЕН,

«Қайсар» футбол клубының капитаны:

– «Қайсармен» бірге Еуропа лигасында ойнауды армандадық. Сол арманға жетіп, туған қаламыздың абыройы үшін Еуропа лигасында аянып қалмаспыз. Біздің болжамды қарсыластар белгілі болған кезде «Апоэлдің» түскенін қаладық. Өйткені, «Орхус» пен «Лехке» қарағанда бізге қолайлысы кипрлік команда еді. Қарсыласымыз осал емес. Еуропа лигасының биылғы жеңімпазы «Севильяны» жеңген жалғыз команда. Сондықтан кездесу оңай болмасы анық. Дегенмен, ұжымдық ойын көрсетіп, келер кезеңге өтудің жолын қарастырамыз.


Стойчо МЛАДЕНОВ,

«Қайсар» футбол клубының бас бапкері:

– Бұл ойында барлығы да болуы мүмкін. Тыңғылықты дайындалатын боламыз. Біздің алғашқы еурокубоктік ойынымыздың өзі – тәжірибе. Кипрліктер бізден осы жағынан басым түседі. Олар мұнда алғашқы рет емес. Командадан уайым байқалады. Маған олардың қорқынышын тез арада сейілтіп, жеңіске деген сенімділіктерін арттыру қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: