«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

«Қайсар» апелляциялық шағым көрсетуге құқылы»

08.10.2020, 10:35 180 0

Кешелі бері спорт порталдары «Қайсардың» экс-ойыншысы Иван Пешичтың ФИФА-ға жолдаған арызын жарыса жазуда. Осыған орай, мән жайды тарқатып, ресми жауап бергенді құп көрдім.

Маусым басында әлемдік ахуалға байланысты қызылордалық «Қайсардың» жыл басында бекітілген бюджеті 34 пайызға қысқарғаны белгілі. Осылайша, клуб басшылығы күрделі жағдайға байланысты футболшылардың еңбекақысын қысқартуға бел байлады. Бұл шешімге хорватиялық футболшы келіспегендіктен, «Қайсар» аталған аяқдопшымен келісімшартты үзді. Иван Пешичтың бұл жағдайға байланысты арыз жолдағаны шындық. Соттың алғашқы шешімі оң нәтиже бергенімен, клуб апелляциялық шағым көрсетуге құқылы екенін ескерсек, соттың істі қайта қарайтынын баяндағым келеді.

Жалпы, әлемдік пандемия кезінде «Қайсардың» қаржылық жағдайға байланысты қолданылған тәжірибесін (жалақы қысқарту) еуропалық алпауыт клубтардан да байқадық. Сондықтан, ФИФА-ның кезекті сот қаралымы аталған жағдайға байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізетіні анық. Қысқасы, шешім толыққанды қанағаттандырылмағандықтан, байбаламға салудың қажеті жоқ.

Ерасыл ШӘРІБЕК,

«Қайсар» футбол клубының баспасөз хатшысы


Halyqline.kz сайты бұған дейін төмендегідей материал жариялаған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: