«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Отырып ойнау волейболы облыста озық келеді

22.09.2020, 16:30 157 0

HALYQLINE.KZ Қызылордалық отырып ойнау волейбол командасы Ақтау қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Отырып ойнау волейболынан облыстың аға жаттықтырушысы Эрик Қасқабаев шəкірттері пандемияға байланысты біраз уақытқа тоқтатылған жаттығуларын залда өткізіп отыр.

Команданың алға қойған мақсаты – Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алу. Карантин жеңілдетілген жағдайда команданы қараша айында Нұр-Сұлтан қаласындағы ел чемпионаты жəне келесі жылдың ақпан айында Германия еліндегі маңызды лицензиялық турнирлер күтіп тұр. Оған дейін тыңғылықты жаттығу жиындары жалғаса береді.

Айта кету керек, отырып ойнау волейболынан 6 спортшы Қазақстан құрама сапына енді. Облыс командасы ҚР кубогының 2 мəрте иегері атанса, ҚР чемпионатының бірнеше мəрте жүлдегері болды. Былтырғы жылы Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: