Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олимпиада тарихы: Қызылордалықтар неше жүлде алды?

22.06.2020, 16:10 1035

HALYQLINE.KZ 23 маусым – Олимпиада күні. Елімізде айтулы мереке осымен 27-рет өткізіледі. Халықаралық аренада еліміздің Əнұранын шырқатып, көк туын көкте желбіретіп жүрген сырбойылық спортшылар көп.

Олимпиада ойындарында жеңіспен, жүлдемен оралған жəне тəжірибесін шыңдап, қатысқан спортшылар туралы ақпаратпен бөлісеміз.

2008 жылы Бейжің Олимпиадасына гандболдан 10 спортшы Қазақстан құрамасында өнер көрсетті. Олар: Искакова Гүлзира, Тяпкова Екатерина, Травникова Ольга, Кубрина Наталья, Моркович Юлия, Аджидерская Ольга, Илюхина Елена, Никандрова Ксения, Парфенова Татьяна, Егунова Ольга.

2008 жылы Бейжің жəне 2012 жылы Лондон Олимпиадаларында ауыр атлетикадан Илья Ильин 2 дүркін чемпион атанды. Өкінішке қарай, кейіннен ауыр атлеттің нәтижесі допинг дауына байланысты жойылды.

2012 жылы Лондон Олимпиадасында бокстан Марина Вольнова қола жүлдені иеленсе, еркін күрес балуаны Дəулет Ниязбеков, ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Александр Зайчиков, жеңіл атлет Виктор Лептиковтер қатысып, тəжірибе алмасты.

Ал Лондон Паралимпиадасына облыстан 3 спортшы бақ сынады. Олар: пауэрлифтингшілер Кабира Асқарова мен Айбек Əбжан, жеңіл атлет Ислам Салимов.

2016 жылы Рио Олимпиадасына облыстан 3 спортшы қатысып, ауыр атлетикадан Александр Зайчиков қола жүлдені еншіледі. Еркін күрес балуаны Ғалымжан Өсербаев пен таеквондошы Айнұр Есбергенова шеберліктерін шыңдады.

Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында 4 спортшы қатысып, 2 алтын, 2 қола медаль иеленді.

2010 жылы (Қытай) ауыр атлетикадан Рүстем Сыбай мен 2016 жылы (Норвегия) мəнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева қола жүлделерге ие болса, 2014 жылы (Қытай) дзюдодан Бауыржан Жауынтаев пен 2018 жылы (Индонезия) байдарка жəне каноэде есуден Диас Бахраддин чемпион атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: