«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 420.29 (0.75)

  • EUR: 506.87 (-2.33)

  • RUB: 5.66 (-0.06)

Министр Сыр спортшыларымен кездесті

20.12.2020, 18:00 165 0

HALYQLINE.KZ Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында «Мұз айдыны» спорт ​кешенінде болды.

Министр халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүрген​ облыстың жетекші спортшыларымен кездесті. Олардың арасында каратэ-додан әлем чемпиондары Мөлдір Жаңбырбай, Нұржан Ақпанбет, ауыр атлетикадан бүкіләлемдік универсиаданың қола жүлдегері Рүстем Сыбай, пауэрлифтингтен әлем чемпионатының күміс жүлдгері Елдос Ермаханов, отырып ойнау волейболынан параАзия чемпионатының қола жүлдегерлері Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Алмат Манабаев, пара пауэрлифтингтен әлем кубогының күміс жүлдегері Кабира Асқарова, пара жеңіл атлетикадан Азия ойындарының қола жүлдегері Ислам Салимов және тағы басқа танымал спортшылар болды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов облыстағы спорттың даму көрсеткіштерімен таныстырса, «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры Илья Ильин спорт нысанның жай-күйін айтып өтті.

Кездесу барысында ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Велорик Пак пен тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Хәкімжан Елеусінов елімізде спортқа деген көзқарастың жоғары екендігін айта келіп, алғыстарын білдірді.

Министр өз кезегінде алдағы уақытта Сыр спортшыларының дүбірлі додаларда еліміздің намысын қорғап, спорттық даңқын арттыратынына сенімділік білдірді.

Одан кейін Министр мұз алаңындағы шайбалы хоккей, грек-рим, көркем гимнастика және ​ ойын залында волейболдан өтіп жатқан оқу-жаттығу процестерімен танысып, спортшылармен әңгімелесті. ​ ​ ​

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: