Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы: «Спорт клубтарына миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда»

01.09.2020, 11:50 524

HALYQLINE.KZ Еліміздегі қаржы тапшылығының жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

«Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне назар аудару қажет. Еліміздегі қаржы тапшылығының жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалып жатыр», – дейді Қ.Тоқаев.

Бұл орайда Мемлекет басшысы, бұқаралық спортқа, дене шынықтыру мен балаларға басымдық берілуі тиіс екенін атап өтті.

Бұдан өзге, әрбір облыста, ірі орталықтарда спорт секцияларын ашу керек. Жас өрендерге шығармашылық пен қолөнер негіздерін меңгере алатын балалар үйірмелерінің қызметін жандандыру қажет екенін баса айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы: «Қазіргі заман ағымы балалар үшін соншалықты қауіпті екенін, олардың энергиясы мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау керек», – дейді Президент.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: