Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мақсат Исағабылов жастар сыйлығымен марапатталды

23.12.2020, 18:15 665

HALYQLINE.KZ Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Самғау» жастар сыйлығының иегерлерін марапаттады.

14 пен 29 жас аралығында­ғы барлық қала жастары қатыса алатын «Самғау» сыйлығын спорт саласы бойынша қазақ күресінен «Әлем Барысы» чемпионатының күміс жүлдегері Мақсат Исағабылов иеленді.

Мақсат Исағабылов – қазақ күресінен және самбодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері, қазақ күресі, самбо, дзюдодан Қазақстанның бірнеше мәрте жеңімпазы, самбодан және қазақ күресінен Азия чемпионы, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен V фестивалінің жеңімпазы, қазақ күресінен «Әлем Барысы» чемпионатының күміс жүлдегері.

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: