Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футболды «картон көрермен» тамашалайды

12.05.2020, 11:05 350

HALYQLINE.KZ –| «Германия Бундеслигасы 16 мамыр күні қайта жалғасады» деп жазады Prosports.kz. Бұл туралы 7 мамыр күні ресми хабарланған болатын. Сақтық үшін барлық ойын көрерменсіз өтеді.

Футболдың сәні – жанүкйер. Жанкүйерсіз өлі тыныштықта өткен ойынның қызығы да аз. Оның үстіне билет сатып алып, көрермен келмегендіктен, клубтың табысы да азаяды.

Осы кемшіліктерді барынша азайту үшін германиялық «Боруссия Мёнхенгладбах» командасы жақсы амал ойлап тапты. Олар енді картоннан жасалған «жасанды көрермендермен» алаңды толтырмақ.

Осылайша, «Боруссия» жанкүйерлері фотосуреттерін Borussia-Park стадионының трибуналарына орналастыруға мүмкіндік алды. Кез келген жанкүйер 19 еуро төлесе, өзінен аумайтын картон мүсіндер алаңда матч «тамашалайтын» болады. Тіпті, бұл мүсіндердің үлкен-кішілігі адаммен бірдей болады.

Клуб қазірдің өзінде 12 мыңнан астам тапсырыс түскенін хабарлады. Оның 4,5 мыңға жуығы стадион трибуналарына орналастырылған. Болжам бойынша, матч басталатын күнге дейін мұндай картон мүсіндерден алаңда бос орын қалмайды. 

«Боруссия М» турнирлік кестеде төртінші сатысында тұр. Бірінші орындағы «Бавариядан» небары 6 ұпай ғана аз жинаған. Чемпионаттың аяқталуына 9 тур қалды. 

Айта кетейік, Германия чемпионаты COVID-19 пандемиясына байланысты 13 наурыз күні тоқтатылған болатын. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: